Халықаралық жастар форсайт сессиясы

2019 жылдың 11-12 желтоқсанында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының кәсіби даярлық факультетінің 2 және 4-курс курсанттары мен ғылыми жетекші жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушысы, полиция капитаны А.Қаражанның қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласы Еуразия Ұлттық университетінің базасында «Бірлік – Единство» орталығы командасының және Ресей, Қазақстан, Қырғызстан студент жастарының Халықаралық жастар форсайт сессиясының 3-кезеңі «Саяси экстремизмге қарсы іс-әрекет» тақырыбында үш жақты диалог алаңы өтті.
Курсанттар экстремизм туралы білімдерін кеңейтіп, өз ойларын ортаға салды. Тұжырымдамаларды талқылау барысында 4-курс курсанты Данияр Камасовпен 2-курс курсанты Еламан Махметовтың баяндамалары ерекше көзге түсті.
Студенттер мен курсанттар өзара тәжірибе алмасып, форумның соңында сертификаттармен марапатталды.

полиция қатарындағы
2-курс курсанты
А.Сайлау