Феллс Рэй Нәтижелі келіссөз: алғышарттар мен амалдар. — Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 360 бет

Келіссөз теориясы мен тәжірибесіне тың көзқарас ұсынатын бұл кітап келіссөздің негізгі элементтері – өзара түсіністік, сенім, үстемдік ету және этиканы жан-жақты талдайды. Сонымен қатар келіссөздегі ақпарат алмасу, шешім іздеу және шегінудің әдіс-тәсілдерін сипаттайды. Медиация процесі, мүдделі топтың атынан келіссөз жүргізу, мәдениетаралық келіссөздер, жұмыс орны мен бизнестегі келіссөздер де кеңінен қамтылған. Сондай-ақ келіссөзшілердің жеке дағдыларын жетілдіруі мен келіссөзді тиімді басқару тетіктеріне баса назар аударылды.