Учаскелік полиция инспекторының жұмысын жетілдіру жолдары: теоретиктер мен тәжірибе қызметкерлерінің пікірталасы

«Қадамдық қолжетімділік қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметінің анағұрлым тұтас реформасы пісіп-жетілді, мұнда учаскелік инспекторға негізгі рөл беріледі».
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ

Ағымдағы жылдың 8 қазанында ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Учаскелік полиция инспекторларының қызметін жетілдіру перспективалары» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Ресей Федерациясы ІІМ Барнаул және Сібір заң институттарының, Беларусь Республикасы ІІМ Академиясының, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының, сондай-ақ Қостанай облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында 2020 жылғы 26 қыркүйекте «полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидатын ескере отырып, учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру ерекшеліктеріне, юрисдикциялық өкілеттіктерді кеңейтуге, олардың қызметін бағалау өлшемшарттарын жетілдіруге және оны одан әрі цифрландыруға, сондай-ақ оларды жинақтау мен кәсіби даярлауға қатысты мәселелерді талқылау бөлігінде өткізілген ғылыми семинардың талқылауы жалғастырылды.
Сонымен қатар, осы саладағы шетелдік оң тәжірибе талқыланды.
Жұмыс қорытындысы бойынша учаскелік полиция инспекторларының қызметін жақсарту бойынша бірлескен ұсынымдар әзірленді.
Консенсусқа қол жеткізілмеген жекелеген ұсыныстарды ағымдағы жылдың 23 қазанында өтетін «Қазіргі кезеңдегі ішкі істер органдарын ұйымдастыру және олардың қызметі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы шеңберінде талқылау жоспарланды.

Ішкі істер органдары
әкімшілік қызмет кафедрасы