Учаскелік полиция инспекторларымен және кәмелетке толмағандардың істері жөнінде учаскелік полиция инспекторлары қызметкерлерімен бірлесе вебинар өткізілді

2020 жылдың 2 қазанында біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультеті ішкі істер органдарының әкімшілік қызмет кафедрасымен және қылмыстық-атқару жүйесінің экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл жөніндегі мамандарын даярлау орталығымен бірлесіп, учаскелік полиция инспекторлары мен кәмелетке толмағандардың істері жөнінде учаскелік полиция инспекторлары қызметкерлерінен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында учаскелік полиция инспекторының қызметін жетілдіру тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар барысында «полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидатын ескере отырып, учаскелік полиция қызметкерінің қызметін ұйымдастыру, оның юрисдикциялық өкілеттіктерін кеңейту, қызметтік жұмысты одан әрі цифрландыру перспективалары, сондай-ақ деструктивті діни ағымдарды ұстанатын адамдармен алдын алу жұмыстарының ерекшеліктері талқыланды.
Вебинардың қорытынды бөлімінде учаскелік полиция инспекторлары қызметінің, оның ішінде кәмелетке толмағандардың істері жөнінде учаскелік полиция инспекторлары қызметінің тиімділігін арттыру бойынша бірлескен ұсынымдар әзірленді.

2 октября 2020 года факультетом повышения квалификации и переподготовки кадров совместно с кафедрой административной деятельности органов внутренних дел и Центром подготовки специалистов уголовно-исполнительной системы по противодействию экстремистской идеологии был проведен вебинар с участковыми инспекторами и сотрудниками ювенальной полиции на тему «Совершенствование деятельности участкового инспектора полиции в свете Послания Президента Республики Казахстан К. Токаева народу Казахстана от 1 сентября 2020 года «Казахстан в новой реальности: время действий».
В ходе вебинара были обсуждены вопросы организации деятельности участкового с учетом принципа «полиция в шаговой доступности», расширения его юрисдикционных полномочий, перспективы дальнейшей цифровизации служебной деятельности, а также особенности профилактической работы с лицами, придерживающимися деструктивных религиозный течений.
В заключительной части вебинара были выработаны совместные рекомендации по повышению эффективности деятельности службы участковых инспекторов полиции, в том числе, по делам несовершеннолетних.

 Преподаватель кафедры АД  ОВД,
старший лейтенант полиции
А. Сейдахметова