Учаскелік полиция инспектордың қызметімен танысу

14 қараша 2018 жылы Қазақстан Республикасы Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің 208 оқу тобы курсанттарының теориялық білімі мен тәжірибені тереңдету және нығайту мақсатында «ҚР әкімшілік құқық» пәні бойынша академияның «Оңтүстік» базалық оку учаскелік полиция пунктінде тәжірибелік сабақ өткізілген болатын. Учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Бағдат Аманжолұлы Жансугуров курсанттарды әкімшілік істермен, профилактикалық есепте тұрған азамаматтардың тізімімен учаскелік инспектордың паспортымен, әкімшілік хаттама толтыру үлгілерімен, іздеуде жүрген хабар-ошарсыз кеткен азаматтардың, іздеуде жүрген қылмыскерлердің бағыттамаларымен, қызмет етіп жатқан учаскенің сызбасымен таныстырды.
Құқықтық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті, құқыққа қарсы қол сұғушылақтардан өз меншігін қорғау сұрақтары бойынша заңдарды және басқа да құқықтық актілерді түсіндірді. Шығу сабағы курсанттар үшін өте қызықты және пайдалы болды.
Учаскелік инспектор жас қорғаушыларға өздерінің мамандықтары үшін қажетті патриотизм мен антқа деген адалдық сияқты сезімдердің тәртібін жеткізді. Қазіргі полиция қызметкерлері бұрынғы ұрпақтың полициясынан ерекшеленеді. Бүгінгі күні құқық қорғау органдарында жұмыс істеу үшін көптеген білім қажет. Сабақ соңында полиция капитаны Б.Жансугуров болашақ сақшыларға білім алу барысында сәттілік тіледі.

Әкімшілік құқық және әкімшілік
қызмет кафедрасының
аға оқытушысы
полиция майоры
Д.Қалқаманұлы