Учаскелік инспекторлардың қызметін жетілдіру саласында тәжірибе алмасу

Ағымдағы жылдың 17 қарашасында ІІО әкімшілік қызмет кафедрасы мен академияның ғылыми-зерттеу орталығы Ресей ІІМ Барнаул заң институты базасында қашықтықтан өткізілетін «Қазіргі кезеңдегі учаскелік уәкілетті полицияның құқық қолдану қызметінің мәселелері» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысына сондай-ақ Беларусь Республикасы ІІМ Могилев заң институтының, Сібір және Белгород заң институттарының, ІІМ Омбы академиясының, сондай-ақ Ресей полициясының аумақтық бөлімшелерінің өкілдері қатысты. Өткізілген іс-шара Ресей Федерациясындағы учаскелік полиция күніне арналды.

Дөңгелек үстел барысында учаскелік инспекторлардың күнделікті тәжірибесінің проблемалық мәселелері және олардың Ресей Федерациясындағы, Беларусь Республикасындағы және Қазақстан Республикасындағы қызметін жетілдіру перспективалары талқыланды, сондай-ақ тиісті ұсынымдар әзірленді.

ІІО әкімшілік қызмет кафедрасы,
Ғылыми-зерттеу орталығы