УК – 161/11 мекемесінде өткен психологиялық тренинг


Әл-Фарабидің керемет бір сөзінде: адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез – құлыққа байланысты, — делінген. Әрине, жақсы мінез – құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Адам өміріндегі ең тамаша қасиеттердің бірі – ол басқа адамдармен жақсы қарым – қатынаста болу. Қарым – қатынас демекші, осы бір тақырыптың төңірегіңде және мереке қарсаңында Қостанай қаласының қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде психологиялық қамтамасыз ету тобының аға инспектор-психологы, әділет капитаны Динара Сағындыққызы Мадияровамен бірлесе, ҚПДжІІОБ кафедрасының оқытушыларымен, яғни Назгүл Жанбыршықызы Турсумбаева және полиция аға лейтенанты Гүлзат Хамзақызы Ахметова «Сотталғандардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» тақырыбында психологиялық тренинг өткіздік. Тренинг қарым-қатынасты, яғни коммуникативті дағдыларды дамытуға арналған бірнеше жаттығулардан тұрды.
Осы тұста, француз жазушысы Фредерик Стендальдың жақсы бір сөзі есіме түсіп отыр, ол: «Адамды тану үшін өзіңді зерттеу жеткілікті, адамдарды тану үшін олармен араласу керек», — деген екен. Міне, УК – 161/11 мекемесінде өткен тренинг қатысушыларға басқа адамдарды, қоршаған ортаны тануға көмектесіп, оны түсінуге, өз ойын ашық айтуға, ішкі күйзелісін жеңуге, оны басқамен бөлісуге, өзіне деген сенімділігін арттырып, өзін-өзі түсінуге, өз бойындағы басқада қасиеттерді көруге мүмкіндік берді және тұлғаның өзін-өзі бақылауына, байқағыштыққа баулыды.
Жалпы, тренинг жақсы, позитивті деңгейде өтіп, ұйымдастырушыларға  қатысушылар тарапынан жылы лебіздер мен тілектер айтылды.
Мақаламды келесі Аристотельдің сөзімен аяқтасам: «Өзіміз қандай қарым-қатынасты қаласақ, адамдарға да дәл сондай қарым-қатынаста болайық». Өйткені, жақсы қарым-қатынас – бұл табыс пен өмірлік мақсаттарды іске асыруға жетелейтін негізгі құрал болып табылады.

КПДжІІОБ кафедрасының
аға оқытушысы,
полиция капитаны
Н.Ж.Турсумбаева