Тәрбие көптік етпейді!

2020 жылдың 27-28 ақпанында ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қылмыстық құқық және жазаларды орындауды ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі З. Суйеубаева мен ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушысы полиция капитаны А. Әбдәлі «Жасөспірімдерге арналған Полиция академиясы» жобасы шеңберінде Қостанай қ. №28 орта мектебінің 6-11 сынып оқушыларының арасында «Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығын алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың айырмашылығы, олар үшін тағайындалатын жаза түрлері жайында айтылды. Республикамызда жасөспірімдермен жасалатын бұзушылықтардың статистикасынан мысалдар келтіріліп, бейнесюжет ұсынылды. Кәмелетке толмағандар қандай құқық бұзушылықтарға жол бермеу керек, олардың құқықтары мен міндеттері, қоғамның алдындағы жауапкершілігі жайында сөз қозғалды. Оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды. Оқытушылар сөз соңында «Құқық бұзушылыққа қалай жол бермеу керек» атты жадынама үлестірді.

ҚҚжЖОҰ кафедрасының
аға оқытушысы
полиция подполковнигі
З. Суйеубаева