Тәні саудың — жаны сау!!!






Адам баласының ең басты, құнды да бағалы, қолда бар алтыны — ол, әрине, денсаулық. Денсаулық — ол адамзаттың бас байлығы емес пе? Сондықтан әрбір азамат спортпен айналысып, денсаулығын күткені, салауатты өмір салтын ұстанғаны абзал. Себебі спорт — ол денсаулық кепілі. Ал, бізге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығы және  жеке құрамы үшін салауатты өмір салтын ұстану, кемел елімізге және тұғыры биік мемлекетімізге адал қызмет ету басты парыз. Сондықтан алда келе жатқан Қазақстан Республикасы Конституциясы күнін мерекелеу барысында, Академия қызметкерлерін салауатты өмір салтына баулу мақсатында Қостанай қаласаның көркі болған Тобыл өзенінің жағалауында 2000 метр қашықтыққа жүгіру іс-шарасы өткізілді. Аталмыш іс-щара барысында Академия жеке құрамы қауырт жұмыстан бір босап, бір сәтке сергіп қалды десек артық емес.

4-курс курсанты полиция кіші сержанты
Әділ Ілияс