Тәлімі мен тағылымы мол іс-шара

Ағымдағы жылдың 14 қазанында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының акт залында Қостанай облысы әкімдігі Дін істері жөніндегі басқармасы «Діни мәселелерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теолог-маманы Әсет Бауыржанұлы Нұғыманов «Деструктивті діни ағымдардың сипаттары мен белгілері» атты тақырыпта алғашқы кәсіптік даярлық  курсының тыңдаушыларымен кездесті. Аталған кездесу 18 қазан- ұлт пен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күніне  арналып және ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, Қостанай облысы бойынша Діни мәселелерді зерттеу орталығы және Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті департаменті  арасындағы үшжақты меморандум шеңберінде өткізілді. Іс-шара барысында Әсет Нұғыманов тыңдаушыларға теология  тарихы, ғылымы және діни ілімдер туралы айтып, олардың сұрақтар жауап берді.  Бүгінгі таңда осындай іс-шаралар жастар арасында тәлім-тәрбие беруді, теріс діни ықпалдардан алшақ болуды,  қазақ халқының әдет-ғұрпын, тарихын және отансүйгіштікке тәрбиелеуді, қаһарман тұлғаларға еліктеп өсуіне насихаттайды. Іс-шара соңында, Әсет Нұғыманов болашақ полиция қызметкерлеріне  егеменді еліміздің тыныштығын қорғап,  Антына адал, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қызметтік міндеттерін мүлтіксіз орындауына, кәсіби білімді болуларына, абырой шыңына жетулеріне тілек білдірді.