Тәлімді сабақ

Кәсіби даярлық факультеті курсанттарының теориялық білімдерін тереңдету және бекіту, практикалық қызмет үшін қажетті тиісті кәсіптік дағдылар мен іскерліктерді алу және жетілдіру мақсатында 2020 жылдың 26 қазанында академияның кәсіби даярлық факультетінің 3 курс 308-309 оқу топтарымен (қылмыстық-атқару мамандандыру) криминология пәнінің «Қылмыскердің жеке басы ұғымы және қылмыстық мінез-құлық механизмі» тақырыбы бойынша практикалық сабаққа Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің Жедел тобының жедел уәкілі, әділет аға лейтенанты Сагимбаев Руфат Керимбекович арнайы қонақ ретінде шақыртылған болатын.
Сабақ барысында практикалық қызметкер қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жұмыстың ерекшеліктері туралы айтып берді, өзінің тәжірибесіндегі болған қызықты оқиғалардан мысалдар келтірді, оқудың теориялық бағытына үлкен мән беріп, нақты білім алуға назар аудару керектігін баса айтты, сонымен қатар ширақ қимылдау, жауапкершілік, белсенділік сияқты қасиеттерді осы кезден қалыптастыруды бастау керектігін ескертті, өзіндік білім алуға бейімділікті дамытудың өте маңызды екендігін айтты.
Кездесу конструктивті түрде өтті, курсанттар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Практикалық қызметкер мен курсанттардың осындай кездесулері білім алушылардың оқуға және арнайы кәсіби пәндерге қызығушылығының артуына, білім сапасының жақсаруына үлкен әсер етеді.

Қылмыстық құқық және
жазаны орындауды ұйымдастыру
кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
М. Қалқаманұлы