Тәжірибе мен теория ұштасқан сабақ

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы курсанттарының болашақ мамандықтарына байланысты ынтасын ояту мақсатында теория мен практиканы қатар үйрету үшін оқу ордамыздың аумағында қауіпсіздігі аралас мекемелерге сәйкестендірілген оқу полигоны ашылды. Қазіргі таңда оқу полигонында курсанттарды тек қана теория жүзінде оқытудан бөлек тәжірибелік сабақтардың өтуі де білім алуға ықпалын тигізуде. Ағымдағы жылдың 7 қазанында қылмыстық- атқару пәні сабағында 308-309 взвод курсанттарының қатысуымен оқу полигонында тәжірибелік сабақ өткізілді. Сабақ өту барысында полиция капитаны С.М.Жолдасқалиев курсанттарға қауіпсіздігі аралас мекемеде күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды қамауға алуды құқықтық реттеуге шолу жасап, теория мен байланыстыра отырып, түсіндірме жұмысы арқылы таныстырды. Сабақты бекіту мақсатында тапсырма ретінде қапаста тінту шарасы жүргізіліп, курсанттар тыйым салынған заттарды тапты. Оқу орнындағы осындай полигонның болуы курсанттардың жоғары кәсібилігін шыңдайды.

Қылмыстық құқық және жазаны орындауды ұйымдастыру кафедрасы