Тәжірибе алдындағы кездесу

Академияның 2019-2020 оқу жылына арналған күнтізбесіне сәйкес Кәсіби даярлық факультеті күндізгі оқыту нысанының 2 курс курсанттары 2020 жылдың 15 маусымы мен 12 шілдесі аралығында оқу практикасынан өтеді.
Оқу практикасы-қылмыстық-атқару жүйесімен толық немесе жекелеген бөлімдерінің құрылымдарымен, қызметтерімен тікелей танысу, оқу процесінде алған теориялық білімдерін бекіту, күндізгі оқыту нысаны курсанттарының тәжірибелік қызмет үшін қажетті тәжірибелік қабілеттер мен құзыреттерін қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Осы орайда қылмыстық құқық және жазаны орындауды ұйымдастыру кафедрасы қылмыстық-атқару мамандандыру бойынша білім алып жатқан курсанттармен онлайн кеңестер өткізді. Онда оқу практикасын өту тәртібі және практика барысында толтырылатын құжаттар туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар практика барысында қызметтік тәртіпті сақтау туралы тәрбиелік маңызы бар әңгімелесулер жүргізілді.
Кеңес барысында кафедра оқытушылары курсанттардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы практиканың сәтті өтуіне тілек білдірді.

Қылмыстық құқық және
жазаны орындауды ұйымдастыру
бастығының орынбасары
полиция подполковнигі
Г.Кажикова