Тәжірибені сәтті қорғады

Кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 25 мамырында «Педагогика және психология» мамандығы бойынша оқитын
4-курс курсанттары өңдірістік тәжірибесін қорғады. Оған 411-412 оқу топтары қатысты.

Өндірістік тәжірибе арқылы өздерінің теориялық алған білімдерін одан әрі шыңдап жетілдіре түскен курсанттар тәжірибеден өту кезінде алған әсерлерін айтып, атқарған жұмыстарына тоқталды. Тәжірибе барысында курсанттар тәлімгерлермен тығыз жұмыс жасап, әңгімелесу, психологиялық тренингтер, диагностикалық, психокоррекциялық жұмыстар т.б. іс-шаралар жүргізді.
Тәжірибені қорғауға Қостанай облысы бойынша ҚР ІІМ ҚАЖК«УК-161/11 МЕКЕМЕСІ» РММ кадр саясаты бөлімінің инспекторы әділет капитаны Беседа Марина Анатольевна арнайы қатысты. Марина Анатольевна курсанттарға сұрақтар қоюмен қатар, өз тәжірибесімен бөлісіп, алдағы уақытта қызметте адал, қырағы, үлгілі қызметкер болуларына өз тілектестігін білдірді.
Жалпы өндірістік тәжірибені курсанттар сәтті қорғап, тиісті бағаларын алды.

Кәсіби-психологиялық
даярлық және ІІО басқару
кафедрасының оқытушысы
полиция лейтенанты
Оразов А.Х.