Тәжірибемен алмасу

2020 жылдың 21 қазанда жалпы заңды пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры А. Ақылбековамен  ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына «Азаматтық іс жүргізу құқығы» пәнін оқу шеңберінде «Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының субъектілері. Іске қатысушы тұлғалар» тақырыбына  Қостанай облысының Қостанай қалалық сотының судьясы Бекенов Асқар Нағашыбайұлы шақырылды.
Дәрісте Асқар Нағашыбайұлы өзінің кәсіби қызметіне қатысты тәжірибелік дағдыларымен, білімдерімен бөлісті. Іске қатысушы тұлғаларға қатысты мәселелер белсенді талқыланды, үшінші тұлғалар бойынша түсініктеме берілді, сондай-ақ азаматтық іс жүргізу заңнамасының нормаларын тәжірибелік қызметте қолдану мәселелері қарастырылды.
Бұл кездесу курсанттар үшін қызықты да танымды болды.

Жалпы заң пәндері кафедрасының
аға оқытушысы
полиция майоры
А. Ақылбекова