Тәжірибелі қызметкер курсанттар назарына

Академияда қалыптасып келе жатқан үрдістердің бірі курсанттарға тәжірибелік қызметкермен кездесу ұйымдастыру. Қостанай облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты УК 161/2 мемлекеттік мекемесінің тәрбие бөлімі бастығы әділет капитаны Нұрболат Бүстекбаев 4-курс 408-409 тобының дәріс сабағына қатысып, өз біліктілігімен бөлісті. «Қылмыстық құқық және жазаны орындауды ұйымдастару» кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Аманат Мұрат ҚАЖ-да құқық бұзушылықтардың алдын алу пәні бойынша «ҚАЖ мекемелерінде жасалатын есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестердің заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ескерту және алдын алу» тақырыбын басты назарға ала отырып, курсанттармен тәжірбиелік қызметкер арасында дәріс жүргізді.
Сөз басында курсанттарға үнемі ізденісте болу керектігін және өз мамандықтарына жауаптылықпен қарай отырып, заңда белгіленген тәртіпті сақтау керек екендігін басты назарға алды.Одан бөлек сотталған тұлғалармен жұмыс барысында болған тәжірибелік оқиғаларымен бөлісті. Дәріс кезінде курсанттар өздерінің қызықтырған сұрақтарына жауап алып,тақырыпты толық игерді.
Кездесу соңында әділет капитаны курсанттарға ақ жол тілеп, алдағы уақытта биіктерден көрініп, қызметтеріне адал болуын және елінің патриоты болуға шақырды.

АИДА Бакбаеава полиция қатарындағы 4-курс курсанты