Тәжірибелі тәлімгердің тыңдаушылармен кезекті кездесуі

Ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын үміткерлерімен алғашқы кәсіптік даярлық сапасын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, з.ғ.к., полиция полковнигі Ардақ Қабыкенұлы Ынтықбаевпен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында А.К. Ынтықбаев болашақ қызметкерлерді 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының жүзеге асырылуына тоқталып, оның ішінде жергілікті полиция қызметінің реформалануына баса назар аударып өтті.

Сондай-ақ, арқасында тәжірибелі талай жылы бар тәлімгер болашақ қызметкерлерді таңдаған мамандықтарының қыр-сырын, Еліне деген патриоттық сезім, адал еңбек ету жолындағы қызметкерлердің ерліктері жайында да сөз қозғай отырып, офицер атағына лайық, жанашыр, адал қызметкер болуға шықарды.
Кездесу соңында тыңдаушылар өз сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

ЖЗП кафедрасы бастығының орынбасары
полиция майоры
М. Смагулов