Тәжірибелі тәлімгердің тыңдаушылармен кездесуі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарын жаңғыртуға байланысты, сонымен қатар алғашқы кәсіптік даярлық сапасын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын үміткерлерімен Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, з.ғ.к., полиция полковнигі А.К. Ынтықбаевпен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында А.К. Ынтықбаев болашақ қызметкерлерді ішкі істер органдарының тарихымен, басшылық құрамымен таныстырып және бүгінгі күнгі ішкі істер органдарындағы маңызды бағдарлама «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол картасының» жүзеге асырылу бағыттарын айтты.

Сондай-ақ, арқасында тәжірибелі талай жылы бар тәлімгер болашақ қызметкерлерді таңдаған мамандықтарының қыр-сырын, Еліне деген патриоттық сезім, адал еңбек ету жолындағы қызметкерлердің ерліктері жайында да сөз қозғай отырып, офицер атағына лайық, жанашыр, адал қызметкер болуға шықарды.
Кездесу соңында тыңдаушылар өз сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

 
Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультеті