Тәжірибелі маманмен кездесу

2020 жылғы 21 ақпан күні кураторлық сабақ барысында Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің тыңдаушысы — Қостанай қ. «Солтүстік» полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Жасулан Насырович Нуржанов кәсіби даярлық факультетінің 3-курс курсанттарымен кездесті.
Кездесу барысында полиция майоры Ж. Нуржанов әкімшілік полиция қызметкерлерінің алдында қойылатын міндеттерді, тәжірибе барысында қандай жағдайлар болу мүмкіндігі туралы, полиция саласында істеу үшін теориялық білімнің өте маңызды екендігін айтты.

Кездесу соңында курсанттар өздерін  қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды.

В. Касенова
302 оқу тобының кураторы
полиция капитаны