Тәжірибелік қызметкермен кезекті кездесу

Курсанттардың алған теориялық білімдерін тәжірибелік қызметкерлерді тарту арқылы нығайту мақсатында тәжірибелік қызметкерлермен кездесулер жалғасын табуда. Кезекті кездесу «Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы» пәні бойынша тәжірибелік сабағы барысында өтті.
Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының тыңдаушылары, тәжірибелік қызметкерлер – Шымкент қ. бойынша және Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаменттерінің есепке алу бөлімдерінің қызметкерлері әділет майоры Ботакөз Нұрбекова және әділет аға лейтенанты Баян Каримжанова курсанттардың тәжірибелік сабақтарына қатысып, тәжірибелерімен бөлісті.

Сабақ барысында ондаған жылды артқа салған, қызметтің ыстығы мен суығынан өткен тәжірибелік қызметкерлер курсанттарға өз қызметтері жайында баяндады. Сонымен қатар, олар курсанттардың назарына қызмет барысында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілердің қолданылуы жайында айтты. Және заңнамадағы соңғы өзгерістердің тәжірибедегі қолданылуының нәтижелері туралы айтып өтті.

Сабақ барысында, әдеттегідей, курсанттардың қояр сұрақтары да аз болмады. Сабақ тақырыбы толығымен ашылып, мақсатына жетті. Сабақ соңында курсанттар тәжірибелік қызметкерлерге өз алғыстарын білдірді.

А. Мұрат
ҚҚАҚжК кафедрасының оқытушысы,
полиция аға лейтенанты