Тәжірибелік қызметкермен кездесу

Ағымдағы жылдың 15 қазанында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 4-курс 401-оқу тобының алған білімін тәжірибемен ұштастыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық Полиция бөлімінің ЖПҚ бастығының орынбасары полиция майоры Бейсен Қаныбек Пернеханұлымен қашықтан оқыту форматында «Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің әкімшілік-құқықтық шаралары» тақырыбында сабақ өткізілді.
Сабақ аясында қазіргі кезеңдегі жиі орын алатын отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың орын алу себептері туралы жұмыс барысындағы куә болған жағдайлар айтылып, әртүрлі пікірлер ой елегінен өткізілді. Әрі қарай сабағымыздың қонағы мен курсанттарымыздың арасында сұрақ-жауап алмасылып, тәжірибе барысындағы нормативтік құқықтық актілердің қолданылу нәтижелері туралы айтылды.
Сабақтың басты мақсаты курсанттардың болашақта жұмыс барысында кездесетін әртүрлі жағдайларда сауатты қимылдап, еліміздегі құқық бұзушылықпен барынша күресіп, олардың алдын-алу шараларын ұйымдастыруға бағыт беру болатын.
Сабақ соңында қонағымыз Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық Полиция бөлімінің ЖПҚ бастығының орынбасары полиция майоры Бейсен Қаныбек Пернеханұлы курсанттарымызға ақ жол тілеп болашақта биік белестерді бағындыруларына тілектес екенін айтып, өзінің ізгі лебізін білдірді.

 ІІО ӘҚ кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
Жұмашев М.А.