Тәжірибелік қызметкермен кездесу

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3-курс 302-оқу тобының тәжірибелік бағытын нығайтуды жалғастыру мақсатында  Қостанай облысының  ПБ ЖПҚ УПИ полиция капитаны Е.Тоқаев «ІІО-да қызмет өткерудің құқықтық негіздері» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізді.
Сабақ барысында курсанттарға «Жергілікті полиция қызметінің» әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылықты ашу, анықтау және т.б. сұрақтарды талқылады. Әрине, әдеттегідей курсанттардың қояр сұрақттары да аз болмады қойылған сұрақтарға курсанттар ұтымды жауаптар алды. Сонымен қатар, курсанттардың назарына қызмет барысында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілердің қолданылуы және заңнамадағы өзгерістердің тәжірибеде қолданылу нәтижелері туралы да айтты.
Кездесу соңында курсанттарға ақ жол тілеп, алдағы уақытта тек қана жетістіктерге жетіп, өз елінің патриоты болуға, халқына аянбай қызмет етуге шақырды.

ІІО ӘҚ
кафедрасының оқытушылары
полиция капитандары
М. Жұмашев, А.Әбдәлі