Тәжірибелік қызметкерлермен оқу процесіндегі тығыз байланыс

Оқу процесін жетілдіру бағыттарының бірі оқытудың тәжірибелік құрамдас бөлігін іске асыру болып табылады. Кафедрада оқытылатын оқу пәндерінің тәжірибелік бағыттылығын күшейту үшін тәжірибелік қызметкерлермен өзара іс-қимылға көп көңіл бөлінеді.
Осыған байланысты, жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушылары, полиция майоры А.Бузаканова және полиция майоры А.Ақылбекованың бірлескен 2020 жылдың 4 қарашасында Қазақстан Республикасының азаматтық іс-жүргізу құқығы пәнінен «Азаматтық істердің ведомстволық бағыныстылығы және соттылығы» атты тақырыбы бойынша дәріс сабағына Қостанай облысының Қостанай қалалық сотының судьясы  Морозова Анастасия Леонидовна шақырылды.
Құрметті қонақ сабақ барысында азаматтық істердің ең өзекті мәселелері мен қызықты жақтары туралы ақпараттармен бөлісті, аталмыш тақырып аясында жұмыс тәжірибесінен де өмірлік мысалдар келтірді. Сабақ барысында тәжірибелік қызметкерлердің сот отырысында қойылатын талаптарға ерекше назар аударуы қажет екені де сөз етілді.
Дәріс сабағы қызықты да танымды болып өткізілді. Осындай тәжірибелі қызметкерді сабақтарға көптеп қатыстыру – болашақ мамандардың оқытылатын пәндерге деген қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары үшін сапалы кәсіби мамандарды дайындауға зор ықпалын тигізеді.

Жалпы заң пәндері кафедрасының
аға оқытушысы, полиция майоры
А.Б. Ақылбекова