Тәжірибелік полиция қызметкерлерінің болашақ сақшылармен кездесуі

2020 жылдың 29-31 қаңтары аралығында Академияның арнайы кәсіби даярлық курстары 1, 2, 5, 6 оқу топтарының «ІІО әкімшілік қызмет» пәні бойынша сабақтарына тәжірибелік қызметкерлер қатыстырылды:
— Дастан Есетұлы Искаков — Қарағанды облысы Полиция департаменті Арнайы мекемелерінің  бөлім бастығы, полиция подполковнигі;
— Асхат Мақсұтұлы Сыбанғалиев — Шығыс-Қазақстан облысы Полиция департаменті Сол-жағалық полиция бөлімінің аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры ;
— Талғат Қанжарбекұлы Абдрашов — Жамбыл облысы Полиция департаменті Мойынқұм полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты;
— Аян Сапарғалиұлы Бекежанов — Қостанай полиция басқармасының Оңтүстік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты;
— Теміржан Жанболатұлы Сарсенов — Қостанай полиция басқармасының  Солтүстік полиция бөлімінің  КПБ-нің жедел уәкілі.
Кездесудің мақсаты – болашақ полиция қызметкерлеріне ішкі істер органдарында қызметтік тәжірибесі бар полиция қызметкерлерімен ой бөлісу, қызметте болатын оқиғалар жөнінде сұхбаттасу. Әр тәжірибелік қызметкер тыңдаушыларға өз қызмет саласының міндеттемелері мен қызметтегі болып жатқан өзгерістерді  айтып өтті.

Қызмет барысында қызметтік тәртіпті сақтаудың маңыздылығын, қоғам індеті болып келетін жемқорлықтың алдын алу еліміздің басты мәселесі болып келетінін,  полиция қызметкерлері өз қауіпсіздігіне көңіл бөлуі керек екендігін айтты. Кездесуге қатысқан тыңдаушылар өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды. Бүгінгі таңда құқықтық сауатты, кәсіпқой полиция қызметкері — бұл біздің болашығымыздың қауіпсіздігі және еліміздің тыныштығы.

ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының
аға оқытушылары
полиция майоры Е.Хакимов
полиция майоры Д.Қалқаманұлы