Тәжірибеде заңдылықтарды іске асыру және қамтамасыз ету

Ішкі істер органдары әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушылары алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларымен «ІІО қызметкерлерінің дене күшін, арнаулы құралдарды, атыс қаруын және өзге де қаруды қолдануы» тақырыбындағы тәжірибелік сабағына Қостанай қаласы ПБ-нің ЖПҚ-нің Оңтүстік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Алмат Рамазановты қонақ ретінде шақырды.
Тәжірибелі қызметкерлерді қонақ ретінде шақырудың негізгі мақсаты – теорияда алған білімдерін тәжірибеде заңдылықтарды дұрыс іске асыруын қамтамасыз ету болып табылады.
Қонағымыз кездесу барысында өз тәжірибесінде болған оқиғалармен бөлісті. Соның бірі 2020 жылы 25 ақпанда Қостанай облысы Оңтүстік полиция бөліміне Водяная көшесінде орналасқан пәтерде отбасылық жанжал болып жатқаны туралы өтініш түседі. Өтінім бойынша учаскелік полиция инспекторы Алмат Рамазанов оқиға орнына барған. Ол 27 жастағы ер адам мен оның 49 жастағы анасының арасында жанжал шыққанын анықтайды. Полиция қызметкерінің тексеру жұмысы кезінде әйел адам оған әрдайым былапыт сөздер айтып, айғаймен шығарып салып отырған екен. УПИ Алмат Жылысайович онымен сөйлесіп, пәтерден шығарғысы келгенде, әйел балтаны алып, учаскелік полицейге қарай лақтырған. Полиция қызметкері өзін қорғамақ болса да, балта тиіп, дене жарақатын алады.
Алмат Рамазанов осындай жағдай орын алғанда қандай іс-әрекет жасау керектігін айтып, өз тәжірибесімен бөлісті. Курсанттар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы мағлұматтар алды. Кездесу соңында қонағымыз курсанттарға ыстық лебізін айтып, сәттілік тіледі.

М. ЖҰМАШЕВ, А.ӘБДӘЛІ
ІІО әкімшілік қызметі
кафедрасының оқытушылары

Ішкі істер органдары әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушылары М.Жұмашев пен А.Әбдәлі алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларымен «ІІО қызметкерлерінің дене күшін, арнаулы құралдарды, атыс қаруын және өзге де қаруды қолдануы» тақырыбындағы тәжірибелік сабағына Қостанай қаласы ПБ-нің ЖПҚ-нің Оңтүстік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Алмат Рамазановты қонақ ретінде шақырды.
Тәжірибелі қызметкерлерді қонақ ретінде шақырудың негізгі мақсаты – теорияда алған білімдерін тәжірибеде заңдылықтарды дұрыс іске асыруын қамтамасыз ету болып табылады.
Қонағымыз кездесу барысында өз тәжірибесінде болған оқиғалармен бөлісті. Соның бірі 2020 жылы 25 ақпанда Қостанай облысы Оңтүстік полиция бөліміне Водяная көшесінде орналасқан пәтерде отбасылық жанжал болып жатқаны туралы өтініш түседі. Өтінім бойынша учаскелік полиция инспекторы Алмат Рамазанов оқиға орнына барған. Ол 27 жастағы ер адам мен оның 49 жастағы анасының арасында жанжал шыққанын анықтайды. Полиция қызметкерінің тексеру жұмысы кезінде әйел адам оған әрдайым былапыт сөздер айтып, айғаймен шығарып салып отырған екен. УПИ Алмат Жылысайович онымен сөйлесіп, пәтерден шығарғысы келгенде, әйел балтаны алып, учаскелік полицейге қарай лақтырған. Полиция қызметкері өзін қорғамақ болса да, балта тиіп, дене жарақатын алады.
Қонағымыз УПИ Алмат Рамазанов осындай жағдай орын алғанда қандай іс-әрекет жасау керектігін айтып, өз тәжірибесімен бөлісті. Курсанттар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы мағлұматтар алды.
Кездесу соңында қонағымыз курсанттарға ыстық лебіздерін айтып, сәттілік тіледі.

ІІО әкімшілік қызметі
кафедрасының оқытушылары
М.А. Жұмашев пен А.А. Әбдәлі