Тәжірибеге бағытталған сабақ

2020 жылғы 25 ақпанында Академияның кәсіби даярлық факультетінің 2-курс 208-209 топтарының курсанттарымен «ҚР қылмыстық-атқару құқығы (жалпы бөлім)» пәнінен «ҚР қылмыстық-атқару құқығы мен заңнамасының даму тарихы» тақырыбы бойынша дәріс сабағына тәжірибелік қызметкер шақырылды.
Олар, Академияға біліктілігін арттыру курстарынан өтуге келген Алматы қаласы бойынша ҚАЖД ЛА-155/18 мекемесі тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бөлімінің жасақ бастығы әділет капитаны Еркебұлан Құрбанов және Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/7 мекемесі тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бөлімінің бастығы әділет капитаны Мұқағали Жұмағалиұлы Құрманқұл.
Кездесу барысында қызметкерлер жалпы қылмыстық-атқару жүйесі қызметімен, қазіргі таңда жүргізіліп жатқан саясаты, 2020 жылдың қылмыстық-атқару жүйесінің «Қылмыстық-атқару жүйесі жылы» деп аталуына орай, жоспарланып отырған іс-шаралар туралы сөз қозғады.

Қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған
жол картасында жоспарланған және қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан жаңалықтардың бірі, сотталғандарға туған-туыстарымен бейне сөйлесулер жүргізу құқығын беру туралы сөз қозғап, курсанттарды таныстырып өтті.
Кездесу соңында қонақтар, курсанттарға оқу орнын ойдағыдай аяқтап, білікті де білімді қызметкерлер қатарынан көрінулеріне тілек білдірсе, курсанттар өз кезегінде, қонақтарға сәттілік тілеп, алғыстарын білдірді.

Қылмыстық құқық және
жазаны орындауды ұйымдастыру
кафедрасы бастығының орынбасары
полиция подполковнигі
Г. Кажикова