Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалар

Халқымыздың ер жүрек батыры Бауыржан Момышұлының тіл туралы айтқан ұлағатты бір сөзінде «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, бар тарихымызды ұмыту» деген екен. Батыр атамыздың осы бір сөзінде ғана, сөз қадірін түсінетін, намысы бар адамға ой салатын қаншама мән-мағына жатқандығын аңғармау мүмкін емес. Ана тілін асқақтату, жаңғырту, мәртебесін көтеру жайында ұлтжанды азаматтарымыз қанша жерден жарыса жазып, көгілдір экраннан көкейге ой салар талғамды сөздерін насихаттап жатса да, тіліміздің мәртебесі төрге шыға қоймады. Осы жерде неге? не себепті? деген сұрақ та туындар. Осы сұрақтың жауабын осы қысқа мақаланы оқып отырған оқырман ой елегінен өткізіп өзі жауап берсе екен дейміз.
Осындай тақырыпта Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай қабырға газеті мен кішігірім мақала жазған ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ЖООК білім беру институты магистратурасы мен кадр жұмысы бөлімі.