Тыңдаушылар Қостанай өлкесінің тарихымен танысты

Академия қабырғасына Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларына Қостанай өлкесінің тарихымен және мәдениетімен таныстыру мақсатында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.
Аталған мұражай қызметкерлері тыңдаушылардың назарына Қостанай облысының тарихи және көрікті жерлерінің суреттерімен танысуға болатын экспозициялар, осы облыстағы өнеркәсіп орындары, құнды қазба байлықтарымен және табиғатымен таныстырды.

Мұражайдың ақпараттық материалдары мен кең көлемді экспозициялары еліміздің әр аймағынан келген тыңдаушылардың әрқайсысының үлкен қызығушылығын тудырды. Сонымен қатар, мұражай қызметкерлеріне ауқымды және мазмұнды экскурсия үшін зор алғыстарын білдірді.

Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультеті