Тыңдаушыларымыз тарихи – өлкетану мұражайын тамашалады

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтында жыл сайын қылмыстық-атқару жүйесі мен ішкі істер органдарының қызметкерлері біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Институт тыңдаушыларына сабақ өткізу үшін жоғары тәжірибелі және жауапкершіліктері мол профессорлық-оқытушылар құрамы, Қостанай облысы бойынша ҚАЖД, Қостанай облысы ІІД тәжірибелік органдарының сауатты және тәжірибелі қызметкерлері шақырылады.
Оқу қорытындысы бойынша кафедралармен біліктілігін арттырушы тыңдаушылармен, Институт қызметкерлерінің, Қостанай облысы ІІД-нің, Қостанай облысы бойынша ҚАЖД тәжірибелік қызметкерлерінің, Дін департаменттерінің мамандарының, Тәжірибеленуші психологтар қауымдастығы қызметкерлерінің және қоғамдық ұйымдар мен басқа да ұйымдардың қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер, семинарлар, пікір таластар өткізіледі.
Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының тыңдаушыларымен тәжірибелік бағытты қамтамасыз ету мақсатында күндізгі оқыту факультетінің 1-4 курс тыңдаушыларымен кездесулер де ұйымдастырылады.
Осылайша, ағымдағы жылғы қарашаның 5-нен бастап 17-не дейінгі аралықта қылмыстық-атқару жүйесінің арнайы есепке алу бөлімінің бастықтары мен аға инспекторлары біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтына біліктіліктерін арттыру курсына келді. Арнайы есепке алу бөлімінің бастықтары мен аға инспекторлары үшін Академияның біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының қызметкерлері мен баспасөз қызметі бірлесе отырып, 2018 жылдың 16 қараша күні Қостанай облыстық тарихи — өлкетану мұражайына саяхат жасау іс-шарасын ұйымдастырды.
Қостанай облыстық тарихи – өлкетану мұражайы 1915 жылы құрылған. Мұражай экспонаттар мен мұражай жинақтарын сақтау, зерттеу, жариялаумен айналысады, сонымен қатар мұражайдың жинақтарына 130 мыңнан астам музейлік заттар кіреді. Әсіресе, тыңдаушыларымыз 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басшыларының бірі Амангелді Имановтың 145 жылдығына арналған «Халық батыры» атты көрмесін, Арғы Сақ, Ғұн заманынан бері қазақ халқының төл баспанасы киіз үйді және оның бөліктерін, қолөнерін, зергерлік бұйымдарын тамашалады. Тыңдаушыларымызға ұйымдастырылған іс-шара ұнады, соңында, қызметкерлер естелікке суретке түсіп, тарихи – өлкетану мұражайының қызметкеріне ризашылықтарын білдірді.