Тыңдаушылармен кездесу өтті

2020 жылғы 3 наурызда ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының бастығы полиция подполковнигі А. Смышляев және алғашқы кәсіптік даярлық офицерлері, атап айтқанда курс бастығы полиция майоры Б. Каленов, курс бастығының орынбасары полиция капитаны Б. Жандауов, взвод командирлері полиция капитаны А. Дүйсенбаева және полиция лейтенанты Б. Минайдаров алғашқы  кәсіптік даярлық тыңдаушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу өткізудің басты мақсаты — жаңа оқу жылының басынан бастап алған теориялық білімдерін тәжірибеде шыңдап бекіту болып отыр.
ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының бастығы полиция подполковнигі А. Смышляев тыңдаушыларға тәжірибеден өтудің құрылымын, ІІО қызметінің тағайындалған лауазымдары бойынша бағыт – бағдарын, тәжірибеден өту кестесін түсіндіріп өтті.

Алғашқы кәсіптік даярлық бастығы полиция майоры Б. Каленов тыңдаушыларға тәжірибеден өту мерзімін және тәжірибеден өту барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің әдеп Кодексін, Қазақстан Республикасы Құқық қорғау органдары туралы заңдарының талаптарын қатаң түрде сақтауларын ескертті.

Алғашқы кәсіптік даярлық