Туымен — тұғырлы, Елтаңбасымен — еңселі, Әнұранымен айбатты ел -Қазақстан!


Н.Ә.Назарбаевтың бір сөзінде: «Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек, қасиет тұтуымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Гимнін ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылықтарымыз», — деп айтқан еді. Әрине, бұл сөздің жаны бар, өйткені бізге тәуелсіздік оңай тиген жоқ. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті рәміздерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек.


Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Міне, бүгін де осы рәміздерге байланысты ерекше күн ол – «ҚР мемлекеттік рәміздері күні». Осы мерекеге байланысты КДФ 3-курстың 302-оқу тобында кураторлық сағаты өтті. Сабақ барысында рәміздердің маңыздылығы мен ерекшеліктерін айтып өттік. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерді қолдай берейік. Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!

 308-оқу тобының кураторы,
полиция капитаны
Н.Ж.Турсумбаева