Тиімді уақыт – мақсатқа апарар негізгі жол 27.01.2020 Қаңтар айының 26 жұлдызы күні алғашқы кәсіптік даярлық курсының тыңдаушылары демалыс күні оқу орнымыздың акт залында Академияның 45 жылдығына арнап жасалған деректі фильмді тамашалады. Деректі фильмді көрсетудің мақсаты тыңдаушылардың бос уақытын тиімді пайдалана отырып, Академияның тарихына шолу жасау, 45 жылда жеткен жетістіктермен таныстыру болып табылады. Тыңдаушылар алғаш келген күннен бастап олардың бойында намыс пен қайсарлықты қалыптастыра отырып, олардан ерік-жігері мықты Отан қорғаушыларды шығару басты міндет болып табылады. Курс бастығының орынбасары полиция капитаны Б. Жандауов