Тергеу тобының қызметін ұйымдастыру фильмі

 

Өткен жылдың күзінде ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының  «Ізкезуші» үйірменің аясында 3-курстың курсанттары қызығушылық танытып, фильм түсіруді  шешті. Бірнеше курсант бірігіп сценарий дайындады. Қосымша қатысушыларды тартып, түсіруге кірісті. Фильм түсіру барысында курсанттар қылмыстық процестік кодекстің нормаларын жан-жақты зерделеп, тергеу әрекеттерін жүргізу тәртібімен танысты, өткізу ерекшеліктерін ескерді.  Алайда, оқуды қашықтақтан оқыту форматына ауыстыруға байланысты, фильм толық аяқталмай қалды. Осы себеппен монтаждау және дыбыстау жұмыстары кейінге қалдырылды.
Бүгінгі күні аталған оқу-практикалық фильм кафедрада бағалаудан өтті және оқу барысына қолдануға ұсынылды. Фильмді қылмыстық процесс құқығы, Ішкі істер органының қызметіндегі анықтау, криминалистика,  қылмыстық іс құжаттарын жүргізу бойынша практикум пәндерін оқытуда, тергеу әрекеттері, жедел тергеу тобының қызметі, оқиға орнын қарап-тексеру тақырыптары бойынша қолдануға болады. Түсіруге қатысқан курсанттардың еңбектері оқытушылардың тарапынан жоғары бағаланды.

 

 

 

ҚПжК кафедрасының оқытушысы
полиция майоры майор полиции                            
Нұрмағанбетова Ж.К.