Теория тәжірибемен ұштасқан сабақ

2020 жылғы 19 наурызында ІІМ-нің тәжірибелік қызметкерлерді сабақтарға қатыстыру пұлының кестесіне сәйкес, Академияның кәсіптік даярлық факультетінің 2-курс 208-209 және 210-211 топтарының курсанттарымен «ҚР қылмыстық-атқару құқығы (жалпы бөлім)» пәнінен «ҚР қылмыстық-атқару құқығының құрылымы және ҚР қылмыстық-атқару заңнамасы» тақырыбы бойынша тәжірибе сабағы Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖК Қостанай облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Бауыржан Төреханұлы Уразалиннің қатысуымен өтті.
Кездесу барысында Бауыржан Уразалин курсанттарды жалпы қылмыстық-атқару жүйесі қызметімен, қазіргі таңда жүргізіліп жатқан саясатпен таныстырды.
Қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған
жол картасында жоспарланған және қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан жаңалықтардың бірі, сотталғандарға туған-туыстарымен бейне сөйлесулер жүргізу құқығын беру туралы сөз қозғап, курсанттарды таныстырды, сонымен қатар елімізде болып жатқан жағдайда қызметте кездесетін қиыншылықтар мен мәселелерге тоқталып өтті.
Кездесу соңында қонағымыз, курсанттарға оқу орнын ойдағыдай аяқтап, білікті де білімді қызмектерлер қатарынан көрінулеріне тілек білдірсе, курсанттар өз кезегінде, қонағымызға сәттілік тілеп, алғыстарын білдірді.

Қылмыстық құқық және
жазаны орындауды ұйымдастыру
кафедрасы бастығының орынбасары
полиция подполковнигі
Г. Кажикова