Теория мен практика ұштасқан сабақ

2020 жылдың 2 қазанында Академияның кәсіби даярлық факультетінің 3 — курс 304-оқу тобында криминология пәнінің «Қылмыстылық пен оның негізгі сипаты. Қылмыстылық себептері» тақырыбы бойынша өткен практикалық сабаққа ішкі істер саласында көптеген жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан, қазіргі кезде Қостанай қ. ПБ арнайы әкімшілік қабылдағыштың бастығы, полиция майоры Нұржанов Жасұлан Насырович арнайы қонақ ретінде шақыртылған болатын.
Кездесу барысында көп пайдалы практикалық мәліметтермен бөлісіп, курсанттарға өз басынан өткен көптеген оқиғаларын айтып, әкімшілік полицияның қызметі жөнінде сыр шертті. Болашақта төзімді, батыл, білімді болу керек екенін қадап айтты. Әрқашан өздерінің міндеттерін ұмытпай тәртіпке бағынып, алға ұмтылудың маңызы ерекше екенін түсіндірді. Өз кезегінде, курсанттар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, толық жауаптарын алды.
Қорыта айтсақ, өткізілген тәжірибелік сабақта курсанттар алған теориялық білімін нығайтты, оқуға деген құлшыныстары артып, алға қойған мақсаттары одан әрі шыңдала түскені байқалды.

Қылмыстық құқық және
жазаны орындауды ұйымдастыру
кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
М. Қалқаманұлы