Театр-өнер мекені

Ақпан айының 22-ші жұлдызы күні 2-курс жеке құрамының курсант қыздары Ілияс Омаров атындағы Қостанай драма театрына барып қайтты.

Драма театрда бұрынғы соғыс кезіңдегі ыстық махаббатпен іңкәрлікті көрсететін көрініс қойылды. Соғыс жылдарындағы адалдық жастардың сезіміне толы кездер өз кезегінде керемет дәрежеде көрсетілді.
Айта кететін жағдай, жұмыстардың барлығы Мәдениет университеті жұмысы аясында жасалып отыр. Осындай жерлерге бара отырып, курсанттардың рухани байлығы дамып, ақылды да, саналы полиция мамандары болып шығатыны сөзсіз.
Театр — бір сәтте өмірдің ащысы мен тұщысын бейнелейтін қасиеті мол ерекше орын. Осындай керемет дүниелерді асқан шеберлікпен орындаған театр қызметкерлеріне ерекше алғыс білдіреміз.

2-курс курсанты
полиция қатарындағы
А.Бакбаева