Театр – мәдениет ошағы һәм ұйытқысы

Театр – халықты эстетикалық — адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Оның өзгеше бір қасиеті, яғни, әрекетке құрылған табиғаты сахналық ойын-сауықтың мазмұн-желісі мен идеялық-эстетика негізін құрайтын драма арқылы ашылады. Осыған орай, 2019 жылы 21 қарашада ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі және сырттай оқыту факультетінің 3-курс 303 -топ курсанттарының Уильям Шекспирдің «Ромео және Джульетта» атты трагедиясын тамашалауға І.Омаров атындағы облыстық драма театрына шығуы ұйымдастырылды. Шекспирдің бұл трагедиясы әлемдік сахналарда сан мың рет қойылған. Бір-біріне өлердей ғашық уыздай екі жас Ромео мен Джульеттаның сезімі ежелден  жау екі әулет Монтекки мен Капулеттилердің қарсылығына ұшырап, қалайда үйленбек талпыныстары ақыры қайғы-қасіретпен аяқталады.
Театр-эстетикалық сезім сыйлайтын, өмірді, адамдардың арақатынасын көз алдына тірідей әкелетін әртүрлі мінездер мен образдардың жиынтығын айна қатесіз бейнелейтін қасиетті шаңырақ. Кез келген театрға келуші өзіне керекті эстетикалық қажеттілікті ала  алады.
Қорыта айтқанда, екі сағаттан астам уақытын театрда өткізген курсанттар ерекше көңіл-күйге бөленді, Театрға бару курсанттар арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі қарай нығайтуға себепші болды. Алдағы уақытта топ курсанттарымен тағы да театрға бару жоспарланып отыр.

Қылмыстық,қылмыстық-атқару құқығы
және криминология кафедрасының
оқытушысы
полиция капитаны
М.Қалқаманұлы