Тағылымдамашылармен кездесу өтті

2019 жылдың 27 қыркүйегінде ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қостанай облысы Полиция департаментімен бастапқы оқыту курсына жіберілген 65 тағылымдамашы Академияның кадр жұмысы бөлімінің бастығы полиция полковнигі А.Ибраевпен, тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы полиция майоры Р.Аужановпен, әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушысы, полиция майоры Д.Қалқаманұлымен, күндізгі және сырттай оқыту факультетінің аға оқытушы-әдіскері полиция майоры Б.Альпеисовпен және Қостанай облысы Полиция департаментінің кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Қ.Дюсебаевпен кездесті.
Кездесу барысында полиция қызметкерінің басты мақсаттары мен міндеттері, қызмет этикасының негізгі қағидалары, құқықтары және оқу бағдарламасы туралы айтылды. Сонымен қатар тағылымдамашылар  жан-жақты   сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Баспасөз қызметі