Танымал тұлғаның ғылыми еңбегінің тұсау кесер кеші

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің смарт орталығында отанымызға танымал белгілі философ, ғалым философия ғылымдарының докторы, профессор Сафар Абдуғалиұлы Колдыбаевтың «Модернизация общественного сознания и национальный код Казахстана» атты ғылыми еңбегінің салтанатты тұсау кесер кеші өтті. Аталмыш жиынға қаламыздағы танымал тұлғалар келіп қатысты. Солардың ішінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры Алма Іргебайқызы Дощанова, ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Нұрлан Амангелдіұлы Биекенов, Қазақстан Халқы ассамблеясының мүшесі, ҚР мәжілісінің IV шақырылымының экс-депутаты,  тарих ғылымдарының кандидаты Валерий Георгиевич Вишниченко, Тарих ғылымдарының докторы профессор Айдар Абайұлы Айтмұхамбетов, Философия ғылымдарының кандидаты Қалқаман Хасенұлы Жақып және де облыс пен қаламызда сыйлы азаматтар қатысты.
Сафар Абдуғалиұлы жаңа туындысына қатысты жарты сағат көлемінде дәріс оқыды. Дәріс барысында қазақстандық код және оның ерекшіліктері, әлемде қалыптасқан өзге халықтар мен ұлттардың ұлттық кодтары туралы салыстырмалы тенеулер арқылы дәрісінде мысалдар келтіріп, қызықты да, әрі ұғымды етіп айтып берді.
Оқылған дәріске шақырылған қонақтар және келген магистранттар мен оқушылар тәнті болды. Сонымен қатар магистранттар мен оқушылар өз тараптарынан сұрақтарын қойды. Бүгінгі кешке шақырылған қонақтар жылы лебіздерін білдірді.
Кеш соңында, профессор Сафар Абдуғалиұлы Колдыбаевтың жемісті еңбегі қазақ ғылымының алтын қорына қосқан тағы да бір үлкен үлестерінің бірі екенін кешке келген қатысушылар бір ауыздан айтып тарқасты.

Жалпы заң пәндері кафедрасы