ТƏРБИЕ ҚҰРАЛЫН ДҰРЫС ҚОЛДАНУ

Игі іс ізгіліктің белгісі демекшіа ағымдағы жылдың 21 ақпанында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3-курс курсанттары, «Дельфин балалар үйіне» көмек көрсетті. Айналадағыларға қуаныш сыйлауға, өзгеге жақсылық жасаудан тайынбайтын курсанттар қарды күреп, ауланы тазартты. Қолдарынан келген көмектің бәрін жасап, көпшіліктің ризашылығына бөленді. Адамның табиғаты сол — кез келген нəрседе үлгіні қажет етеді, жақсы істің үлкен-кішісі жоқ дей отыра, курсанттар да қуанышты болды. Бүгінгі курсанттар ертеңгі қоғам тыныштығын қорғайтын тәртіп сақшылары. Олар әрқашан көмек көрсетіп, жақсылық жасап, алдыңғы сапта дайын тұрады.

ІІО əкімшілік қызмет кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны  А. Əбдəлі