Сәтті өткен сындарлы сабақ

2019 жылдың 30 қыркүйегі күні Күндізгі оқыту факультетінің 3 курс 307 оқу тобының курсанттарының «Күдіктілерді, айыптаушыларды және сотталушыларды қамауға алуды құқықтық реттеу» тақырыбындағы тәжірибелік сабағы тәжірибелік қызметкердің қатысуымен өтті. Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтына біліктілікті арттыру курстарына келген Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ОВ-156/21 мекемесі бақылау қызметі бөлімінің бастығы, әділет майоры Балтабаева Гулназ Мұқатайқызы курсанттарға аталған тақырыпта сындарлы сабақ өткізді.
Гулназ Мұқатайқызы болашақ қызметкерлерге алдымен жалпы қылмыстық-атқару жүйесінің қызметіне тоқтала отырып, қауіпсіздігі аралас мекеменің қызметіне, ондағы күдіктілер мен айыпталушыларға және сотталғандар санатына, олардың ұсталу режиміне, қамауға алуына және қамауға алудың құқықтық реттелуіне түсініктеме берді. Сонымен қатар, тәжірибелік қызметкер бақылау қызметі бөлімінің негізі жұмысымен, сотталғандармен жұмыс істеу әдістерін, сотталғандардың әрі қарай жазасын өтеуге режим бойынша этаппен айдау, айыпталушылар мен сотталғандарға келген заңды өкілдер, адвокаттар мен тергеушілердің мекемеге кіргізіп-шығарылу тәртібін және т.б. түсіндірді.

Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы
және криминология кафедрасының оқытушысы,
полиция капитаны
А. Мұрат