Сыйға тартылған кітаптар

Кітапхана үшін әрбір сыйға тартылған кітап өте маңызды, өйткені сыйланған кітаптар кітапхана қорын толықтырудың ең негізгі көздерінің бірі болып табылады.
Қостанай академиясы кітапханасының қоры кезекті құнды ғылыми әдебиеттермен толықты. Асыл ойлар қазынасы — кітапқа, кітапханаға деген үлкен құрметпен, көпшілік кәдесіне жарасын деген оймен кітапханамызға өтеусіз тарту жасаған белгілі ғалым, заң ғылымының докторы, профессор, Орталық-Қазақстан Академиясының ректоры — Жүнісов Бахтыбай Жолжақсынұлы.
Сыйға берілген оқулықтар оқу ордамыздың болашақ ішкі істер органдарының мамандарын дайындауға зор ықпалын беретініне сенімдіміз.

Кітапхана