Спорт – біздің серігіміз

2020 жылдың 29 ақпанында  ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы ДШД кафедрасы оқытушыларының шақыртуы бойынша Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жеңіл атлетикадан КСРО спорт шебері  Г. Н. Круглик, КСРО спорт шебері отставкадағы полиция подполковнигі О. Н. Ткачев және ПД Алғашқы даярлық басқарма бөлімінің бастығы, самбо күресінен спорт шебері отставкадағы полиция майоры Н. М. Максаков алғашқы кәсіптік даярлық  тыңдаушыларына жалпы дене дайындығы тақырыптары бойынша тәжірибелік  сабақтарын өткізді.
Сабақ басында қонақтарымыз топтарға өздерін таныстырып, содан соң, жеңіл атлетикадан КСРО спорт шебері  Г.Н.Круглик дене қыздыру жаттығуын бастап кетті.
Жаттығу барысында жылдамдықты арттыру үшін арнайы жүгіру және түрлі жылдам қозғалу әрекетіндегі  жаттығулар жасалды. Сабақтың екінші бөлімінде отставкадағы полиция подполковнигі КСРО спорт шебері О. Н. Ткачев топтық  орында  және  жұптасып жасалатын жаттығуларды  жүргізді. Жаттығулар  аяқталысымен   ПД Алғашқы даярлық басқармасы бөлімінің бастығы, самбо күресінен спорт шебері отставкадағы полиция майоры Н.М.Максаков, алғашқы кәсіптік даярлық тыңдаушыларына қарулы қылмыскерді қарусыздандыру әдістерін көрсетіп,  өз шеберлігімен бөлісті.
Сабақ соңында алғашқы кәсіптік даярлық тыңдаушыларды  өмірлік құндылықтарға тәрбиелеу және  оларды болашақта атқаратын қызметіне қызығушылықтарын арттыру мақсатында, бастапқы қалыпқа келу жаттығулары жасалды.
Алдағы уақытта Академия қызметкерлері мен курсанттарына дене шынықтыру даярлығы кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен тәжірибелік кездесу іс- шаралары жиі  жалғасын таба бермек.

ДШД кафедрасының оқытушысы
полиция аға лейтенанты
Р.Кутымбаев