Синглтон Ройс А., Стрэйтс Брюс С. Әлеуметтік зерттеу әдістері. — Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 816 бет.

Ройс Синглтон мен Брюс Стрэйтстің «Әлеуметтік зерттеу әдістері» кітабы – әлеуметтік зерттеудің ғылыми және логикалық негіздерін жан-жақты сипаттайтын оқу құралы. Негізгі тәсілдер мен ғылыми зерттеулердің логикасы арасындағы тепе-теңдікті ескере отырып, бұл кітап зерттеудің төрт тәсілі – эксперимент, сауалнама зерттеуі, далалық зерттеулер және қолда бар деректерді пайдаланудың сипаттамасын ұсынады. Эмпирикалық зерттеу мысалдарын ұсына отырып, зерттеу процесін егжей-тегжейлі баяндау студенттерге зерттеу барысын жақсы түсінуге мүмкіндік береді.