Сергіту сәті

2020 жылдың 25 қаңтарында алғашқы кәсіптік даярлық курсының тыңдаушыларының бос уақыттарын тиімді пайдалану және адамгершілік құндылықтарды дарыту мақсатында 7-топтың жетекшісі, полиция майоры А. Ақылбекова серуендеу барысында тыңдаушыларын Қостанай қаласымен таныстырып, кинотеатрға апарды.
Тыңдаушылар үшін кинотеатрға бару, әдетте, демалудың қол жетімді құралы болып табылады, сонымен қатар оның барысында адам тұлғасының қалыптасуына оң әсер ететін бірқатар эмоциялар алуға болады.
Нәтижесінде тыңдаушылар кинематография саласындағы танымдарын кеңейтіп қана қоймай, сондай-ақ тұжырымдарды ойлау және логикалық бекіту қабілетін жақсартады, яғни бұл болашақта білім алу және кәсіби қызметті жоспарлау үшін өте маңызды қасиеттердің бірі болып есептелінеді.

7-топтың жетекшісі
полиция майоры
А. Ақылбекова