Сарбаздармен жұмыс жалғасуда

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығымен және Қостанай өңірі бойынша Ұлттық Ұланның 6697 әскери бөлімінің басшылығымен өзара ынтымақтастық келісімі негізінде әскери борыштарын өткеріп жүрген сарбаздарына Академияның «Полиция кафедрасы» аясында мемлекеттік қызметке орналасатын үміткерлерге арналған Қазақстан Республикасының заңнамасын меңгерту мақсатында сарбаздарға тестілеуге дайындау сабақтары жалғасуда.

Оқу шеңберінде Қазақстан Республикасы Конституциясы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі бойынша дайындықтары жүргізіледі.
2019 жылдың аяғында 6697 әскери бөлімі сарбаздарының алғашқы тобымен жиналып, Академияның жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушыларымен мемлекеттік тестілеуден өтуге арналған сабақтар өткізілді. 2019 жылдың желтоқсан айында мемлекеттік қызметке орналасу үшін мемлекеттік тестілеуге 20 сарбаз қатысты, оның ішінен 7 үміткер мемлекеттік тестілеуден өтіп, ресми құжаттары дайындалып, тұрғылықты жерлері бойынша жұмысқа орналасутыру мақсатында құжаттары тиісті Полиция департаменттеріне жолданды.
2020 жылдың қаңтар айынан бастап Академияның «Полиция кафедрасы» аясындағы арнаулы жұмысы жалғасын тауып, мемлекеттік қызметке орналасқысы келетін сарбаздардың жаңа тобы жинақталды.

Жалпы заң кафедрасы