Саптық тексеріс

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3-курс курсанттары кезекті саптық тексерістен өтті. Саптық тексерісті Академия бастығының көмекшісі полиция майоры Б.Арипжанов, кадр саясаты бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Р.Аужанов және 3-курс бастығы полиция майоры А.Примкулов өткізді. Саптық тексеру жүргізу кезінде курсанттардың нысанды киім үлгілерін кию ережелерін сақтаулары жіті қадағаланып, айырым белгілері, қызметтік куәліктері мен рұқсат қағаздары тексерілді.

3-курс бастығының орынбасары
полиция майоры
А.Альназаров
3-курс курсанты
полиция кіші сержанты
Г.Максетова