Саптық дайындық-әскери тәртіптің бастауы

Күндізгі оқыту факультетінің 2- курс жеке құрамының саптық бөлім бойынша курс басшылығының жетекшілігімен әр аптаның сейсенбі күні саптық дайындық өтеді. Негізгі мақсат курсанттарды барлық жағынан шындап,олардың офицерлік жолын дамыту болып табылады. Курсанттар саптық дайындықта ән айтады.
Саптық дайындық — әскери тәртіпке үйретіп, тәрбиелейтін басты маңызды іс щараның бірі. Ол курсанттарды саптық бойды түзетуге, ширақтыққа, ептілікке, тәртіптілікке, жеке саптық тәсілдерді, сонымен қатар бөлімше құрамында үйлесімді қимылдарды дұрыс және жылдам орындауға үйретеді.
Өткізілген  іс-шара курсанттардың взвод бойынша саптануын,  әскери сәлемдесуді, взвод командирлерінің  баяндама жасауын, курсанттардың сыртқы бейнесі, яғни, әскериленген киіну мен тазалығын, үтіктелуін тексеруді, ер балалардың шаштарының, аяқ киімдерінің, жағалықтарының тазалығын қарап тексеруді қамтыды.

Полиция қатарындағы
2 курс курсанты
А.Бакбаева