Рәміздер-елдің айнасы

Маусым айының төртінші жұлдызында Академия қабырғасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні» аталып өтті. Мереке Академия бастығы Н.Биекеновтің құттықтау сөзімен басталып,салтанатты шерумен аяқталды. Ұлттың ұлылығын көрсететін ел символдарының мерекесі барша қазақ елінде аталып өтуде.

Қаншама жылдар бойы теңдессіз күштің арқасында келген ұлттық мұра бүгінде жалғасын табуда. Қазақстанның ендігі жаһандану алдында ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін ұлттық кодын сақтаған, терең білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген ақыл-ойы кемел тұлға болуына маңыз береді.Сол себепті біз сияқты жас ұрпақтың қазіргі сәттен бастап, елге, жерге деген ішкі руханиятын қалыптастыру ерекше сипаттағы маңызды жұмыстардың бірі болып саналуда. Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Ендеше сол мүмкіндіктерді жас отан қорғаушылар іске асырып, елдің ертеңі боларлықтай саналы ұрпақ болу- біздің басты мақсатымыз. Елдің елдігін көрсететін байрағымыз көкте жарқырап, символдарымыз әлемге таныла берсін!

1-курс курсанты полиция
қатарындағы Бакбаева Аида