«Рухани жаңғыру» атты квест-туры

2019 жылдың 14-15 маусым күндері аралығында тұңғыш рет Қостанай қаласында «Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ және «Саналы ұрпақ – 2050» ҚҚ Қостанай облысының киелі жерлері бойынша «Рухани жаңғыру» атты квест-турын өткізді. «Рухани жаңғыру» квест-туры – түрлі бағытта ұйымдастырылып жатқан қызықты жобалардың бірі. Бұл іс-шара археология және этнология саласындағы біліміңді шыңдап, сондай-ақ өзіңе бейтаныс жаңа қырларды ашуға, кәсіптік біліктілігіңді одан әрі арттыруға мүмкіндік береді. Аталмыш ұйымдастырылған іс-шараға 10 команда белсенді түрде қатысты. Командалар арасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының «Қабылбаев ұрпақтары» командасы да қатысты. Команда 4 қатысушыдан құралды. Академия қызметкерлері Тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы, полиция майоры Р. Аужанов және КжСОФ 3 курс аға-оқытушы әдіскері, полиция майоры Б. Альпеисов, сондай-ақ КОФ 3 курс курсанттары қатарынан 2 курсант қатысты. «Рухани жаңғыру» квест-турының аясында Ы. Алтынсаринның мемориалдық кешеніне, Қараменді ауданына, Амантоғай, Амангелді, Тасты ауылдарына бару жоспарланды. Іс-шараға қатысушылар киелі орындарға барып, қызықты әрі көңілді ойын түрінде өлке тарихын танып білуге мүмкіндік алды.
«Рухани жаңғыру» квест-турының негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, азаматтардың әлеуметтік жауаптылық және патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, жастарды сан ғасырдан бері келе жатқан тарихымызды, мәдениетімізді, туған өлкеміздің ұлттық құндылықтарын дәріптеуді ұйымдастыруға шақыру, сонымен қатар жалынды жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушы командаларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар берілді, ал Академия командасы жүлделі 1 орынды иеленіп, 100000 теңге көлеміндегі сертификатты ұтып алды. Осы ұйымдастырылған ауқымды іс-шараға қатысып, ат салысу Академия үшін үлкен мәртебе және аталмыш квест қатысушыларды ерекше әрі есте қаларлықтай сезімде қалдырды.